Бос орынға конкурс жариялау » № 9 орта мектеп
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласының білім бөлімінің
«№9 орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7262) 43-69-12
Есепші бөлімі:
+7(7262) 43-37-27
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Бос орынға конкурс жариялау
16
қаңтар
2024

Бос орынға конкурс жариялау

«ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІНІҢ  БІЛІМ   БАСҚАРМАСЫ  ТАРАЗ  ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ №9 ОРТА МЕКТЕП» КММ 

БОС ОРЫНҒА КОНКУРС ЖАРИЯЛАЙДЫ

1. «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Тараз қаласының білім бөлімінің  №9 орта мектеп» КММ.

Мекеменің мекен-жайы: Тараз қаласы, Көшек батыр 136

Анықтама, байланыс номері: 43-69-12

Электрондық пошта: taraz.kalasy2088@mail.ru            

2. Негізгі функционалдық міндеттері: 

Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңдарын және білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын басқа да нормативтік құқықтық актілерді, педагогика және психология негіздерін, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын, үлгілік оқу бағдарламаларын, үлгілік оқу жоспарларын, педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктерін, еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы мен өртке қарсы қорғау ережелері мен нормаларды.

Лауазымдық міндеттері: Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес оқытатын пән ерекшелігін ескере отырып оқыту мен тәрбиелеуді жүзеге асырады. Білім алушылардың жеке қабілеттерін ашуға және дамытуға, тұлғаның әлеуметтенуі мен жалпы мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді. Оқытудың әр түрлі нысандарын, тәсілдерін, әдістерін қолданады. Пәннің күнделікті қысқа мерзімді жоспарларын құрады. Оқыту процесіне инновациялық, ақпараттық технологияларды ендіруді қамтамасыз етеді.

 Білім беру бағдарламаларын әзірлеуге және дайындауға қатысады, оны оқу жоспары мен оқу үрдісі кестесіне сәйкес іске асырылуын қамтамасыз етеді. 

 Конкурс төмендегідей бос жұмыс орындарына жүргізіледі:

1.  №9 орта мектебіне еңбек пәні лауазымына (бос уақытша орынға, 1 -  бірлік жүктеме),  оқыту тілі:  (қазақ, орыс).

3. Кандидатқа қойылатын біліктілік талаптар:  Жоғары (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білім немесе қайта даярлаудан өткенін растайтын құжат; конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесіне сәйкес, педагогикалық еңбек өтілі болуы міндетті. 

4. Құжаттарды қабылдау мерзімі: 2024 жылдың 16.01.- 24.01.2024ж. аралығында.

5. Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі «Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы №57 бұйрығының» 3-тарау, 1-параграфының 154 тармағына сәйкес (15.08.2023ж. №259 өзгерістерімен) жүргізіледі.
 1) осы Қағидаларға 1
5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2) жеке   басын    куәландыратын   құжат   не цифрлық   құжаттар    сервисінен     алынған    электронды   құжат  (идентификация     үшін);  

3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);

4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

6) "Денсаулық    сақтау   саласындағы    есепке    алу    құжаттамасының   нысандарын бекіту туралы"   Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының   2020   жылғы    30   қазандағы № ҚР  ДСМ-175/2020  бұйрығымен   бекітілген    нысан бойынша     денсаулық     жағдайы    туралы       анықтама   (Нормативтік    құқықтық      актілерді мемлекеттік    тіркеу    тізілімінде    № 21579     болып       тіркелген)
7) психоневрологиялық  ұйымнан    анықтама;

8) наркологиялық ұйымнан анықтама;

9) Сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса); 

10) Ағылшын тілі педагогтері лауазымына орналасуға кандидаттар үшін пән бойынша шекті деңгейі кемінде 90% сертификаттау нәтижелері туралы сертификаты немесе педагогмодератордың немесе педагог-сарапшының, немесе педагог-зерттеушінің немесе педагогшебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса) немесе Celta сертификаты (Certificate in English Language Teaching to Adults. Cambridge) pass a; Delta (Diploma in English Language Teaching to Adults) Pass and above немесе IELTS (IELTS) – 6,5 балл; немесе TOEFL (TOEFL) (интернетке негізделген тест (IWT)) - 60-65 балл; болу керек.

11) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында арнайы пәндер бойынша педагогтер және өндірістік оқыту шеберлері лауазымдарына педагогикалық қызметке кіріскен, тиісті мамандық немесе бейін бойынша өндірісте кемінде 2 жыл жұмыс өтілі бар педагогтер сертификаттаудан өтуден босатылады.

12) 16-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына 

кандидаттың толтырылған Бағалау парағы.

13) тәжірибесі жоқ кандидаттың бейнепрезентациясы кемінде 10 минут, ең төменгі ажыратымдылығы – 720 x 480. 

Бос жұмыс орындары туралы хабарландырулар   «Enbek.kz» және мектебіміздің ресми сайтына жарияланады.

Конкурстық құжаттар: Тараз қаласы, Көшек батыр №138 мекен-жайында орналасқан №9 орта мектебінің қабылдау бөлімінде қабылданады.

Құжаттарды қабылдау мерзімі Конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған соңғы күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде жүргізіледі.

Құжат қабылдау аяқталғаннан кейін, конкурс жариялаған білім беру ұйымы кандидаттар туралы үш жұмыс күні ішінде сұраныстар жолдайды:  Құжаттары қабылданған кандидаттар туралы Мемлекеттік ұйым кандидаттың құжаттарын қабылдағаннан кейін үш жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс және/немесе қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны туралы мәліметтердің болуы не болмауы туралы Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің Ақпараттық сервисі арқылы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшелеріне (Білім бөліміне);  Педагог мәртебесі туралы Заңнаманы бұзу туралы сұрау салуды Білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету аумақтық департаментке үш жұмыс күні ішінде жолданады (Жамбыл облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментіне).  16-ші қосымшаның 7-ші өлшемшартында көрсетілген талап бойынша білім беру ұйымы құжат ұсынған кандидаттың соңғы жұмыс/оқу орны бойынша ұйымға/оқу мекемесіне өтініш жасайды (ұсыныс хатқа сұраныс жасайды). Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жұмысқа орналасуға тыйым салатын сыбайлас жемқорлық қылмыс және/немесе қылмыстық құқық бұзушылық және/немесе педагог мәртебесі туралы заңнаманы бұзушылық жасалғаны туралы мәліметтер анықталған кезде педагог кез келген кезеңде конкурстан шеттетіледі.

154-тармақта көрсетілген құжаттардың біреуінің болмауы құжаттарды кандидатқа қайтару үшін негіз болып табылады.

Конкурстық комиссия құрамы: Конкурстық комиссия кемінде комиссияның бес мүшесінен, оның ішінде комиссия мүшелерінің арасынан сайланатын төрағадан тұратын алқалы орган болып табылады. Конкурстық комиссия құрамына білім беру ұйымы әкімшілігінің өкілдері, тиісті деңгейдегі әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың) немесе білім беру ұйымының, азаматтық қоғамның әдіскерлері, аудандық (қалалық) білім бөлімінің мамандары, педагогтер кіреді. (Конкурстық комиссияның хатшысы конкурстық комиссия отырыстарын ұйымдастырады, оның мүшесі болып табылмайды) Конкурстық комиссияның қатыспаған мүшелерін алмастыруға жол берілмейді. Конкурстық комиссияның отырысы, егер оған комиссияның жалпы құрамының кемінде үштен екісі қатысса, өтті деп, ал оның шешімі заңды деп есептеледі

Конкурстық отырыс - Кандидаттардың біліктілік талаптарына сәйкестігін қарау: Комиссия құжаттарды қабылдау аяқталған күннен кейін бес жұмыс күні ішінде кандидаттардың құжаттарының педагогтердің үлгілік біліктілік талаптарымен бекітілген Біліктілік талаптарына сәйкестігін қарауды жүргізеді. Хаттамаланады. Конкурстық комиссияның отырыстары төраға, отырысқа қатысқан Комиссия мүшелері және хатшы қол қойған хаттамамен ресімделеді. Конкурстық комиссияның отырыстары аудио-бейне жазбамен сүйемелденеді. Аудиобейне жазбалар білім беру ұйымдарында бірінші отырыс өткізілген күннен бастап бір жыл бойы сақталады.

Конкурстық отырыс – Бағалауды жүргізу: Біліктілік талаптарына сәйкестікке кандидаттардың құжаттарын қарау нәтижелері бойынша конкурстық комиссия осы Қағидаларға 16-қосымшаға сәйкес бағалау парағында кандидат көрсеткен балдарды есептеуді жүзеге асырады (кандидаттың өзін бағалау парағына комиссия мүшелері нақты балын қояды) Хаттамаланады. Ең көп балл жинаған кандидат конкурстан өткен болып есептеледі және мемлекеттік білім беру ұйымының бірінші басшысына тағайындауға ұсынылады. Кандидаттардың балл саны тең болған жағдайда конкурстық комиссия әңгімелесу өткізу туралы шешім қабылдайды, нәтижесі бойынша қызметке тағайындауға кандидат айқындалады. Конкурстық комиссияның отырыстары төраға, отырысқа қатысқан Комиссия мүшелері және хатшы қол қойған хаттамамен ресімделеді. Конкурстық комиссияның отырыстары аудио-бейне жазбамен сүйемелденеді. Аудиобейне жазбалар білім беру ұйымдарында бірінші отырыс өткізілген күннен бастап бір жыл бойы сақталады.

Конкурс нәтижелері мемлекеттік білім беру ұйымының Интернет ресурсында, конкурстық комиссияның қорытынды отырысы өткізілген күні ұйымның әлеуметтік желілерінің ресми аккаунттарында жарияланады.

Қорытынды рәсімдер: Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген және конкурстық комиссияның оң қорытындысын алған біліктілік талаптарына сәйкес келетін кандидатпен білім беру ұйымының басшысы еңбек шартын жасасады және жұмысқа қабылдау туралы бұйрық шығарады. Конкурс нәтижелері туралы хабарламаны кандидатқа автоматты түрде конкурс комиссиясының хатшысы электрондық поштаға жібереді немесе өтініште көрсетілген телефон арқылы хабарланады. Кандидаттар оларға қатысты бөлігінде конкурстық құжаттармен және комиссияның шешімімен танысады.

Білім бөліміне келісім алуға хат жолдау: Мемлекеттік білім беру ұйымдарының педагогтерін босатуды ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) білім бөлімімен келісім бойынша білім беру ұйымы жүзеге асырады.


Похожие публикации:

20 желтоқсан 2022 Бос жұмыс орны
03 қазан 2022 Бос жұмыс орны
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив